Skip to content

ЖАҢАЛЫҚТАР

толық көру

Мектептегі ашық есік күні: сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды 👍

2026 жылғы 10 сәуір күні біздің мектепте «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында ата-аналарға арналған сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Аталған кездесуге мемлекеттік мүдделі органдардың өкілдері қатысып, ата-аналардың сұрақтарына нақты жауаптар берді. Кездесуге қатысқан мамандар: – Калилаев Елбек Жарасбайұлы – Бегалы Нуржан Турсынгалиұлы – Жумагазиев Батыр Данабаевич – мектеп инспекторы Бисенова Жарқынай Серікқызы Іс-шара барысында ата-аналар… Мектептегі ашық есік күні: сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды 👍

Ғарыш әлеміне саяхат: Балалардың шабыт пен өнерге толы туындылары

Ертең — Ғарышкерлер күні! Біздің мектепте осы ерекше мерекеге орай қызықты дайындық жүріп жатыр Бұл іс-шараның мақсаты — балаларды ғарыш әлемімен таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және қиялын дамыту. Оқушыларымыз ғарыш тақырыбында керемет қолөнер жасап, өз шығармашылықтарын көрсетті Балалардың еңбектері шынымен де керемет — әрқайсысы ерекше және әсерлі

Мектептегі «Эко-фестиваль»

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Эко-фестиваль» өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Фестивальдің құрметті қонағы ретінде «TazaLike» компаниясының маманы Седельникова Оксана Викторовна қатысып, оқушыларға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы туралы құнды ақпарат берді. Іс-шараның ашылу… Мектептегі «Эко-фестиваль»

«Адал азамат» бағдарламасы аясында кездесу

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 5–8 сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараға инспектор Жаркынай Сериковна қатысып, оқушыларға арнайы лекция өткізді. Кездесу барысында инспектор оқушыларға өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерінің маңында лазерлік құрылғыларды пайдаланудың қауіптілігі туралы түсіндірді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау,… «Адал азамат» бағдарламасы аясында кездесу

Кәсіптік бағдар беру: мазмұны мен әдістемесі

3 сәуір күні Ақтау қаласының мектеп бітіруші түлектерімен «Кәсіптік бағдар беру: мазмұны мен әдістемесі»тақырыбында кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, танымал кәсіптік бағдар беруші Айдос Жұманазар қатысып, сөз сөйледі. Мамандар түлектерге жоғары білім алу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және нысаналы гранттар туралы… Кәсіптік бағдар беру: мазмұны мен әдістемесі

Армысың, Әз Наурыз – Береке бастауы!

17.03.2026 жылы Армысың, Әз Наурыз – Береке бастауы!» тақырыбында ЕББҚ оқушылармен Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – Ерекше білімді беруді қажет ететін оқушыларды қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, Наурыз мейрамының мән мағынасымен таныстыру. Балалардың танымдық, эмоциялық және әлеуметтік дағдыларын дамыту арқылы мерекелік ортада өздерін еркін сезінуіне жағдай жасау. Балаларды шараға қатыстыру арқылы ынтымақтастыққа,… Армысың, Әз Наурыз – Береке бастауы!