Skip to content

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз думан»

Мектебімізде 20 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз думан» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Іс-шара барысында ұстаздар ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, көрме мен дастархан ұйымдастырылды. Мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Аталған іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Атап айтқанда, ұстаздардың қатысуымен ұлттық киімдер дефилесі ұйымдастырылып, сахналық көріністер қойылды. Қазақ халқының дәстүрлері кеңінен насихатталып, «Қара жорға» биі биленді. Сонымен қатар «Ұрын бару», «Тұсау кесу», «Қымызмұрындық» салт-дәстүрлері сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара барысында әжелер хоры өнер көрсетіп, мектеп ұстаздары «Наурыз келді» атты әнді орындады. Мерекелік жиында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мерекенің сәнін келтіріп, ұлттық нақышты айшықтау мақсатында киіз үй тігіліп, дастархан жайылды.

Аталған мерекелік іс-шара ұлттық рухты көтеріп, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға зор ықпал етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *