2026 жылғы 18 наурыз күні мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік және ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және мектеп аумағын көгалдандыру болды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және оқушылар белсенді түрде қатысты. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар белгіленген орындарға ағаш көшеттері отырғызылды.
Акция барысында қатысушылар ұйымшылдық танытып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінді. Осындай іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген ынтасын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған акция өз деңгейінде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.