Skip to content

Амал – Көрісу күні

14–16 наурыз аралығында Маңғыстау өңірінде атап өтілетін «Амал – Көрісу күні» мерекесіне орай мектебімізде 7-ші орыс сынып оқушылары мен жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Амал келді жыл келді» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер ұлттық киім киіп, бір-бірімен көрісіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектептің кіреберісінде оқушылар мен ұстаздарды қарсы алу ұйымдастырылып, барша қонақтарға ерекше ықылас көрсетілді.

Мереке барысында ұлттық музыка орындалып, домбыра үні шырқалып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарына белсене қатысып, атап айтқанда асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, арқан тартыс ойындарын ойнады.

Сонымен қатар ұлттық тағамдар ұсынылды: құрт, жент, балқаймақ, шұбат, бидай, бауырсақ және шашу шашылды.

Аталған іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейді.

Іс-шараға келесі сынып жетекшілері өз сыныптарымен қатысты:

• Кумискалиева Л.Б. – 7 «В» сыныбы

• Бегендік Д.А. – 7 «Ж» сыныбы

• Кузембаева А.О. – 7 «Д» сыныбы

• Куванова А.К. – 7 «Е» сыныбы

• Хасанова Н.К. – 7 «Г» сыныбы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *