16.03.2026 ж. мектебімізде «Бұрымды қыз» атты әсем акция өтті. Бұл шараға 9, 10, 11-сыныптардың қыздары белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қыздарының ибалығы мен сұлулығын насихаттау болды. Қатысушылар ұзын бұрымдарын өріп, ұлттық нақыштағы киімдер киіп, өздерінің көркем келбеттерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында қыздардың шаш күтімі, ұлттық дәстүрлер және қыз тәрбиесі туралы қызықты мәліметтер айтылып, әңгімелер жүргізілді.
«Бұрымды қыз» акциясы барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, ұлттық дәстүрге деген құрметті арттыра түсті.