16 наурыз күні мектебімізде 11-сынып оқушылары мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрге толы «Амал мерекесі» жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздарды ерекше ықыласпен қарсы алып, қазақтың ұлттық тағамдары – бауырсақ пен шұбат ұсынылды.
Іс-шара өте көңілді әрі әсерлі өтті. Қонақтар бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, көрісу дәстүрін жаңғыртты. Оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұйымшылдық пен сыйластықтың үлгісін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты:
– Қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау;
– Оқушылардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру;
– Ұжымда достық қарым-қатынасты нығайту және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Бұл мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты сезінуге мүмкіндік берді.