17.03.2026 ж күні “Наурызнама “ апталығына орай көркем еңбек пәні бірлестігі “Қазақ оюларының әсем әлемі “ атты тақырыпта көрме қойды және ашық сабақ өткізді.Сабақты бастауыш сынып оқушыларына көркем еңбек мұғалімі Ильмухамедова Мархаба Даргуловна өткізді.Сабақтың мақсаты: ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету, ою-өрнек туралы білім беру.Оқушылар сабаққа қызыға белсене қатысты ,сұрақтар қойды.Оюдың турлерін,жасалу жолдарын, қолдану әдістерін уйренді.Асыл мұрамыз ,яғни ұлттық өнерімізді жоғалтпаудың ең тиімді жолы- оқушыларымызға өз мәдениетіміздің, салт- дәстүрімізді,тілімізді дәріптей отыру.