Шетелде оқу қол жетімді.
Жоғары сынып оқушыларына (9-10-11 сынып) кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу. Еуропаның Польша мемлекетіндебілім алғысы келетін оқушыларды ақпараттандыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Білім ошағында жоғарғы сынып оқушыларымен Еуропаның Польша мемлекетіндегі жоғары және орта білім оқу орындарында тегін және қолжетімді білім алуға көмек және толық сүйемелдеу жүргізетін «Skill Education Poland» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тегін оқулар, дайындық курстары, жоғарғы оқу орындарына түсу, құжаттардың әзірленуі, тағылымнамадан өту сияқты ақпараттар айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алдағы уақыттағы мамандық, жоғарғы оқу орындарын таңдауларына сеп болатын ақпараттар алды.

