Бізбен бірге – жаңа білім әлеміне!
9-сынып оқушыларын жоғарғы педагогикалық колледжбен таныстыру, мамандық таңдауына бағыт беру, колледжде білім алудың артықшылықтарымен ақпараттандыру мақсатында «Асмет Улас» колледж өкілдерімен кездесу өтті.
Жоғары педагогикалық «Асмет ұлас» колледжі мамандары мектебіміздің 9-шы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқу орнының мамандықтар тізімімен, оқу мерзімімен, оқуға түсу үшін қажет құжаттармен таныстырды. Колледждің басты артықшылықтары: кең, ауқымды мамандықтар, тегін оқу, шәкіртақы, өндірістік тәжірибе, заманауи оқыту әдістері екенін жеткізді.
Оқушылар колледж туралы толық ақпараттар ала алды. Алдағы уақыттағы мамандық,арнайы орта білім беретін оқу орындарын таңдағанда көмек болары анық.


