3 сәуір күні Ақтау қаласының мектеп бітіруші түлектерімен «Кәсіптік бағдар беру: мазмұны мен әдістемесі»тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, танымал кәсіптік бағдар беруші Айдос Жұманазар қатысып, сөз сөйледі.
Мамандар түлектерге жоғары білім алу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және нысаналы гранттар туралы кеңнен ақпарат берді. Сондай-ақ, Астана қаласынан келген кәсіби бағдар беруші Айдос Жұманазар «ҰБТ-дан жоғары балл алу үшін мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында баяндама жасап, оқушыларға нақты бағыт-бағдар берді.