Skip to content

«Адал азамат» бағдарламасы аясында кездесу

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 5–8 сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараға инспектор Жаркынай Сериковна қатысып, оқушыларға арнайы лекция өткізді.

Кездесу барысында инспектор оқушыларға өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерінің маңында лазерлік құрылғыларды пайдаланудың қауіптілігі туралы түсіндірді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары жөнінде маңызды ақпараттар берді.

Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Іс-шара олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *