7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Эко-фестиваль» өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Фестивальдің құрметті қонағы ретінде «TazaLike» компаниясының маманы Седельникова Оксана Викторовна қатысып, оқушыларға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы туралы құнды ақпарат берді.
Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп парламентінің жетекшісі Кулбаева Асемгул Мейрмановна сөз сөйлеп, эко-фестивальдің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестиваль барысында 4 команда өзара бақ сынап, түрлі қызықты әрі танымдық ойындарға қатысты. Нәтижесінде:
• І орын – 8 орыс сыныптарының тобы
• ІІ орын – 9 қазақ сыныптарының тобы
• ІІІ орын – 8 қазақ сыныптарының тобы
• «Экология жанашырлары» номинациясы – 9 орыс сыныптарының тобы
Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтуға зор ықпал етті.