Skip to content

«March 17» сән үйіне танымдық саяхат

🔹 Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдар» жобасы аясында «March 17» тігін цехынада қыз балаларға арналған ақпараттық-танымдық шара өтті.
🔹 «March 17» сән үйі – Қазақстанда, әсіресе Маңғыстау өңірінде өте танымал брендтердің бірі. Сән үйі ұлттық және заманауи стильді үйлестіру, сапалы маталар және ерекше дизайнмен ерекшеленеді.
🔹 Ақпараттық-танымдық шара барысында оқушылар сән үйінің жұмысымен танысып, тігін цехында болып, жалпы сән индустриясы, дизайн тақырыбында таным көкжиектерін кеңейте алды.
🔹 Бұл кездесу оқушыларға жақсы әсер етті. Оқушылар өздерін қызықтырған тұстары туралы толығырақ сұрай отыра, қажетті ақпараттар ала алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *