Asylaron Agency оқу орталығының өкілдерімен кездесу.
🔹 Мақсаты – 11-сынып оқушыларына бағыт бағдар беру, жоғары оқу орына түсуде кемектесу. Шет елде білім алғысы келетін, ҰБТ-де шектік ұпай жинай алмаған түлектерді ақпараттандыру.
🔹 Бүгін мектебімізге Гүлжайна Маратқызы бастаған «АсылАрон» оқу орталығының мамандары келіп ақпараттық-танымдық жиын өткізді. Кездесу барысында орталық туралы толық мәлімет беріліп, артықшылықтары туралы айтылды.
🔹 «АсылАрон» мектебі түлектерді шетелдік оқу орындарына түсуге дайындайды, ағылшын тілін оқытады және оқуға түсу барысында толық жетекшілік етеді. Орталық көмегімен АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Турция және бірқатар Еуропа елдеріне оқуға түсуге болады. Сондай-ақ, отандық жоғары оқу орындарына түсуге де өз көмектерін тигізеді.
🔹 «АсылАрон» орталығының артықшылықтары: 20 жыл отандық нарықта, Тәжірибелі команда, әр оқушымен жеке жұмыс, шынайы нәтиже, 24/7 қолдау.
🔹 Бұл кездесу оқушылардың кәдесіне жарайды деген ойдамыз. Орталық көмегімен білім алушыларымыз өздерінің армандарына қол жеткізеді деген сенім мол.