2026 жылғы 10 сәуір күні біздің мектепте «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында ата-аналарға арналған сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Аталған кездесуге мемлекеттік мүдделі органдардың өкілдері қатысып, ата-аналардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.
Кездесуге қатысқан мамандар:
– Калилаев Елбек Жарасбайұлы
– Бегалы Нуржан Турсынгалиұлы
– Жумагазиев Батыр Данабаевич
– мектеп инспекторы Бисенова Жарқынай Серікқызы
Іс-шара барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.