2026 жылғы 16 сәуірде мектебімізде 3–8 сынып оқушы қыздарының аналарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен «Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігінің 27.03.2026 жылғы №01-18 хаты негізінде ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында отбасы құндылықтарын нығайту және ұрпақ сауаттылығын арттыру мақсатында «Дені сау қыз – ұлт болашағы» атты әлеуметтік-ағартушылық жоба аясында өтті.
Іс-шара барысында маңызды тақырыптар қозғалып, оқушы қыздардың денсаулығы, тәрбиесі және психологиялық дамуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы шақырылған маман — балалар және ересектер гинеколог-эндокринолог дәрігер Алипанова Айжан қатысып, қыз балалардың денсаулығын сақтау, жасөспірім кезеңдегі ерекшеліктер және алдын алу шаралары туралы мазмұнды дәріс оқыды.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтті.

