09 сәуір күні мектеп парламентінің ұйымдастыруымен My way жобасы аясында «Жетістік жолы – еңбек пен ерік күші» тақырыбында чемпиондармен кездесу кеші өтті. Іс-шара ашық микрофон форматында ұйымдастырылып, оған ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Кездесу барысында құрметті қонақтар — Асқар Қуаныш Баймұратұлы мен Нұрдаулетов Бекзат Жалғасбайұлы өз жетістік жолдарымен бөлісіп, оқушыларға мотивациялық кеңестер берді. Оқушылар ашық микрофон алаңында сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты.
Шара барысында чемпиондардың өмір жолы таныстырылып, Тұлпар Ашикара карате клубы оқушыларының көрсетілімі ұсынылды. Кездесу соңында қонақтарға алғыс хаттар табысталды.