Мектебімізде 5–9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Әкешілік – бала бақытының қайнар көзі» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін нығайту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және әке мен бала арасындағы рухани байланысты күшейту болды. Сонымен қатар, жиналыс барысында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бала тұлғасының қалыптасуында әкенің маңызын түсіндіру мәселелері кеңінен қарастырылды.
Жиналыс барысында сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе отырып, қазіргі қоғамдағы әкенің орны, бала тәрбиесіндегі үлгі-өнеге, жауапкершілік және өзара сыйластық тақырыптарында пікір алмасты. Әкелерге балаға уақыт бөлу, қолдау көрсету, дұрыс бағыт-бағдар беру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Жиналыс мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.


