Skip to content

“DreamWorks + ЖИ = жаңа мектеп революциясы” тақырыбында қалалық семинар өтті.

Мектебімізде 20 сәуір 2026 жылы “DreamWorks + ЖИ = жаңа мектеп революциясы” тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараны Ақтау қаласы бойынша Оқу-әдістемелік орталығы мен «ЖИ, робототехника» қауымдастығы ұйымдастырды.

Семинарға қала мектептерінің директорлары, орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысып, білім беру ұйымдарының даму үрдістерін жаңғыртуға бағытталған заманауи жобалар мен тиімді тәжірибелер таныстырылды.

Бағдарлама барысында қатысушылар:

Жасанды интеллектті оқу-тәрбие үдерісіне енгізу жолдарын талқылады;

Microsoft Copilot құралын пайдалану арқылы оқу материалдарын әзірлеу тәжірибесін көрді;

DreamLab алаңында ЖИ көмегімен мультфильм жасау процесіне қатысты.

Семинар педагогтердің кәсіби дамуына, инновациялық технологияларды тиімді қолдануға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *