30 сәуір күні мектебімізде құқықтық профилактика бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Х. Шуманова, А.М. Кулбаева, 9-сынып жетекшілері, сондай-ақ Полиция департаментінің өкілдері – полиция подполковнигі Селбаев Тлекберген Дүйсенбайұлы және аға инспектор Қыдырқызы Асылтас қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп формасын сақтау, жол жүру ережелерін орындау, мопед айдаудағы қауіпсіздік, ұрлықтың алдын алу, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және мұғалімдердің ар-намысына тиетін әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу нәтижесінде профилактикалық жұмыстарды күшейту, қауіпсіздік талаптарын сақтау және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігі атап өтілді.
