30 сәуір күні мектебімізде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға 5–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, түрлі шығармашылық қойылымдар, әндер мен билер арқылы әлемнің 15 елінің мәдениетін таныстырды.
Сонымен қатар, 1–4 сынып оқушылары арасында «Әртүрлі ұлт өкілдері» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, онда әр халықтың ұлттық киімдері, тағамдары мен дәстүрлері кеңінен көрсетілді. Көрме мазмұнды әрі көрнекі түрде өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға әртүрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптеу.
Мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігі ерекше атап өтілді.