2026 жылдың 28–30 сәуір күндері өткен футболдан 5–6 сынып ұлдары арасындағы «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының қалалық жарысында мектебіміздің оқушылары тамаша өнер көрсетіп, 35 мектептің ішінен оза шауып, жүлделі І орынды иеленді.
Жас футболшыларымыз өздерінің шеберліктері мен ұйымшылдықтарының арқасында жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті.
Жеңімпаз командамызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
