2026 жылғы 6 мамыр күні «Мектеп – Ата-ана – Бала» бірлескен тәрбие алаңы аясында «Әкеге хат» атты тағылымы мол тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүрек түкпіріндегі сезімдері мен ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сенімді нығайту, сондай-ақ әкеге деген құрмет пен ізетті арттыру болды.
Шара барысында оқушылар өз әкелеріне арнап жүрекжарды хаттар жазып, ақ тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді. Балалардың шынайы сезімге толы әсерлі хаттары әке мен бала арасындағы мейірім мен сыйластықтың ерекше көрінісіне айналды. Әр хаттан бала жүрегіндегі әкеге деген мақтаныш, құрмет пен махаббат анық сезілді.
«Құндылыққа негізделген тәрбие» бағыты аясында өткен бұл іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеуге, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға және ата-анаға деген ізгі қарым-қатынасты қалыптастыруға зор ықпал етті.
Осындай тәрбиелік мәні терең шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды, отбасылық сыйластық пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағыт береді.
