Мектебімізде 09.09.2026 жылы сағат 10:00-де мектебімізде 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға 8-сынып оқушылары, мектептің педагогикалық ұжымы және арнайы шақырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты:
• Ақтау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н.Б. Амангелді;
• Ақтау ҚПБ ҚҚБ УПИ полиция капитаны Б. Асанов;
• Маңғыстау облысы ҚҚБ аға инспекторы, полиция майоры Курбанов Данияр;
• Ақтау ҚПБ ППБ аға қызмет инспекторы, полиция капитаны Зияев Рустам;
• Ақтау ҚПБ КПБ жедел уәкілі Қани Нұрдәулет Орысбекұлы.
Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері және қоғамдық тәртіп ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық жауапкершілік пен құқықбұзушылықтың салдары туралы маңызды ақпарат берілді. Оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.