Skip to content

«Суицидтік ниет, зорлық-зомбылық және буллингтің алдын алу»

Мектебімізде «Суицидтік ниет, зорлық-зомбылық және буллингтің алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге 9, 10, 11-сынып оқушылары, мектептің ДТЖО-лары және Маңғыстау облысы ПД Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кездесуге арнайы шақырылған мамандар:

• Маңғыстау облысы ПД Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Қыдырқызы Асылтас;

• полиция лейтенанты Сұлтансадық Санжар;

• полиция лейтенанты Сәбит Құрман.

Кездесу барысында оқушыларға суицидтік ниеттің алдын алу, зорлық-зомбылық пен буллингке жол бермеу, қауіпсіз мінез-құлық және қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары түсіндірілді. Оқушыларға құқықтық және профилактикалық бағытта ақпарат беріліп, сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Кездесу соңында оқушыларға өзара сыйластықты сақтау, бір-біріне қолдау көрсету және қандай да бір қиындық туындаған жағдайда сенімді ересектерден немесе тиісті мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

seven + thirteen =