Skip to content

2026 жылғы 30 қазан күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң мен тәртіп» құндылығын насихаттау мақсатында сынып жетекшілер арасында «Адал-Quiz» квесттік ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет және өзара ынтымақтастық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Квест барысында қатысушылар түрлі танымдық және логикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін, тапқырлықтары мен жылдам ойлау қабілеттерін сынға салды. Ойын кезеңдерінде «Адал азамат» бағдарламасы, «Заң мен тәртіп» құндылығы, ұлттық тәрбие, мектеп өмірі және жалпы білім салалары бойынша қызықты тапсырмалар ұсынылды.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

🥇 І орын – «Жұлдыздар» тобы;

🥈 ІІ орын – «Green Flag» және «Жұлдыз» топтары;

🥉 ІІІ орын – «Тәрбие тарландары» және «Классные опасные» топтары.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жағымды әсер сыйлады. Осындай зияткерлік ойындар педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *