Skip to content

Кәсіби бағыт-бағдар!

2026 жылы 9-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Ақтау техникалық колледжіне экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара: Экскурсия барысында оқушылар колледждегі «Шаштараз» мамандығымен танысып, осы кәсіптің қыр-сырын білді. Мамандар оқушыларға шаштараз мамандығының ерекшеліктері, қажетті дағдылары, жұмыс барысы және мамандықты меңгеру мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, оқушылар шаштараздың жұмыс жасау барысын тәжірибе жүзінде көріп, шаш қию қызметіне қатысып, өз шаштарын қидырды. Бұл шара оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби таңдауына бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады.

Экскурсия оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтіп, олар өздеріне қажетті мағлұматтар алып, жаңа мамандықпен жақынырақ танысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *