
2026 жылғы 9 қараша күні Теңге күні мерекесіне орай Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектепте 1–11 сынып оқушылары арасында тақырыптық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихын таныстыру, оның еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызды нышаны ретіндегі маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға теңгенің айналымға енгізілу тарихы, ұлттық валютаның қалыптасу кезеңдері, банкноттар мен монеталардағы тарихи тұлғалар мен мәдени мұралар туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар теңгенің ел экономикасындағы рөлі, оның құндылығы мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, танымдық мәліметтермен бөлісті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың ұлттық валютаға деген құрметін арттырып, ел тарихын құрметтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу көзделді.