Ашық есік күні
31 қазан күні мектебімізде Ашық есік күні өткізілді. Ата-аналар пән мұғалімдерімен сұхбат жүргізіп, балаларының оқу жетістіктерімен, тәртібімен және мектептегі жетістіктерімен танысты. Мұндай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың табысты дамуына ықпал етеді.









