Skip to content

«Абайла, балақай»

Мектебімізде 03.09.2026 жылы сағат 16:00-де мектебімізде «Абайла, балақай» республикалық акциясы аясында 2-сынып оқушылары мен Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПБ полиция қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Іс-шараға 2-сынып оқушылары, мектептің педагогикалық ұжымы және арнайы шақырылған Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н.Б. Амангелді және Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПБ полиция лейтенанты С.Ж. Ходжашев қатысты

Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолдан қауіпсіз өту, бағдаршам талаптарын орындау, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балаларға қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз ұстау және түрлі қауіптің алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

one × one =