Мектебімізде 28.08.2026 жылы «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында мектеп психологтары мен сынып жетекшілері бірлесіп ата-аналар жиналысын өткізді.
Мақсаты: 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына баланың мектепке бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері: ата-аналарға баланың мектепке бейімделу ерекшеліктерін түсіндіру; баламен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын ұсыну; ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру;балаға қолайлы эмоционалдық орта қалыптастыруға көмектесу.

