Skip to content

Республикам — мақтанышым!

2026 жылғы 22 қазанда сағат 12:00-де 25 қазан – Республика күніне орай «Республикам — мақтанышым!» атты мерекелік концерт өткізілді.

Концерттің мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін арттыру.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында мектеп директоры Курмангазиева Римма Кулзаировна құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымға ізгі тілектерін білдірді. Концерт барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық өнер мен мәдениеттің маңызын танытты. Мерекелік бағдарлама көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Республикам — мақтанышым!