2026 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының күніне орай «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектепте «Қазақстанның болашағы: ұлттық дәстүрлер ме, әлде заманауи әлем бе?» тақырыбында дебат сайысы өткізілді.
Сайысқа 10-сынып оқушылары қатысып, ұлттық құндылықтардың маңызы мен заманауи әлемнің даму бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды. Дебат барысында қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін және қазіргі заман талаптарына бейімделудің қажеттілігін талқылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін әрі дәлелді жеткізуге үйрету, пікірталас мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Дебат барысында оқушылар өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікірін тыңдау және оған орынды жауап беру дағдыларын көрсетті. Сайыс оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
