
«Gaselab – үздік тәжірибе алаңы» республикалық форумы аясында ұйымдастырылған экскурсия кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сыныптың 24 оқушысына Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Энергетикалық колледжге танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар «Gaselab – үздік тәжірибе алаңы» атты республикалық форумның жұмысымен танысты. Форум аясында заманауи білім беру технологиялары, озық тәжірибелер мен кәсіби білім беру бағыттары таныстырылды. Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен және болашақ мамандарды даярлау мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар техникалық мамандықтардың маңыздылығы мен еңбек нарығындағы сұранысы жөнінде мағлұмат алды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кәсіби қызығушылығын арттыру, мамандықтар әлемімен таныстыру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.
Қорытынды: Осындай кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесулер мен экскурсиялар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа деген сенімді қадам жасауына ықпал етеді.