Skip to content

ЖАҢАЛЫҚТАР

толық көру

Кәсіби бағыт-бағдар!

2026 жылы 9-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Ақтау техникалық колледжіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара: Экскурсия барысында оқушылар колледждегі «Шаштараз» мамандығымен танысып, осы кәсіптің қыр-сырын білді. Мамандар оқушыларға шаштараз мамандығының ерекшеліктері, қажетті дағдылары, жұмыс барысы және мамандықты меңгеру мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар шаштараздың жұмыс жасау барысын тәжірибе жүзінде көріп, шаш қию қызметіне қатысып, өз… 

Теңге күні мерекесі!

2026 жылғы 9 қараша күні Теңге күні мерекесіне орай Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектепте 1–11 сынып оқушылары арасында тақырыптық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихын таныстыру, оның еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызды нышаны ретіндегі маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында… 

Gaselab – үздік тәжірибе алаңы!

«Gaselab – үздік тәжірибе алаңы» республикалық форумы аясында ұйымдастырылған экскурсия кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сыныптың 24 оқушысына Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Энергетикалық колледжге танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар «Gaselab – үздік тәжірибе алаңы» атты республикалық форумның жұмысымен танысты. Форум аясында заманауи білім беру технологиялары, озық тәжірибелер мен кәсіби білім беру бағыттары таныстырылды. Оқушылар колледждің… 

2026 жылғы 30 қазан күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң мен тәртіп» құндылығын насихаттау мақсатында сынып жетекшілер арасында «Адал-Quiz» квесттік ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет және өзара ынтымақтастық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Квест барысында қатысушылар түрлі танымдық… 

Ұшқыр ой алаңы

2026 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының күніне орай «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектепте «Қазақстанның болашағы: ұлттық дәстүрлер ме, әлде заманауи әлем бе?» тақырыбында дебат сайысы өткізілді. Сайысқа 10-сынып оқушылары қатысып, ұлттық құндылықтардың маңызы мен заманауи әлемнің даму бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды. Дебат барысында қатысушылар ұлттық… 

Республикам — мақтанышым!

2026 жылғы 22 қазанда сағат 12:00-де 25 қазан – Республика күніне орай «Республикам — мақтанышым!» атты мерекелік концерт өткізілді. Концерттің мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін арттыру. Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында мектеп директоры Курмангазиева Римма Кулзаировна құттықтау сөз…